Қазақстан құрамасы Нанкин Олимпиадасына дайын (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан құрамасы Нанкин Олимпиадасына дайын (ВИДЕО)

15.08.2014
Қазақстан құрамасы Нанкин Олимпиадасына дайын (ВИДЕО)

Ертең Қытайдың Нанкин қаласында жасөсіпірімдер арасында Олимпиада ойындарының жалауы желбірейді.

Әлем назарын  аударған байрақты бәсекеде 200-ден астам елдің таңдаулы спортшылары сынға түспек.

Қазақстан құрамасы спорттың  19  түрінен ел намысын қорғайды.

Нанкин Олимпидасында бапкерлер бокстан бақ сынайтын былғары қолғап шеберлеріне үлкен сенім артады.

Тартысқа толы бәсекелерді «KAZsport» телеарнасынан тамашалай аласыздар.

Нұрсұлтан ҚҰДАЙБЕРГЕНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу