Инчхон-2014. Қазақстандық спортшылар оқпен атудан сынға түседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инчхон-2014. Қазақстандық спортшылар оқпен атудан сынға түседі

19.09.2014
Инчхон-2014. Қазақстандық спортшылар оқпен атудан сынға түседі

Ертең Азия ойындарында пистолетпен ату жарысы басталады. Қазақстан әйелдер құрамасының мүшелері Зәуреш Байбосынова, Юлия Дришлюк және Юлия Комендра 10 метр қашықтықтан пистолетпен ату жарысына қатысады.

Бұл жарысты «KAZsport» телеарнасынан Астана уақытымен таңғы 06:55-те көрсетеді.

Ал, ерлер құрамасының мүшелері Вячеслав Подлесный, Владимир Исаченко мен Рашид Юнусметов 50 метр қашықтықтан пистолетпен ату жарысының іріктеу кезеңін Астана уақытымен таңғы 09:10-да бастайды.

Еске сала кетейік, «KAZsport» телеарнасы ерлердің 50 метр қашықтықтан пистолетпен ату жарысының іріктеу кезеңін Астана уақытымен сағат 09:10-де тікелей эфирде көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу