Астана жолдарына тағы 10,5 шақырым веложол қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана жолдарына тағы 10,5 шақырым веложол қосылады

12.08.2014
Астана жолдарына тағы 10,5 шақырым веложол қосылады

Астанада велосипедшілерге жағдай жасау мақсатында кешенді жұмыстар атқарылуда. Осыған байланысты қаладағы жол белгілері жүйесі мен жол инфрақұрылымына өзгерістер енгізілетін болады, деп хабарлайды astana.gov.kz сайты.

Аталмыш жұмыс барысында велосипед жолдарының үш түрін жасау жоспарланған. Бұл тек велосипедшілердің қозғалысына арналған жеке жол болмақ.

«Ильинка елді мекеніндегі Қорғалжың тас жолының сол жағындағы Березовая роща бойына жабын төселген веложол пайдалануға берілді. Ені 3,5 метрді құрайтын 3 және 1 шақырымдық екі айналмадан тұрады. Сонымен қатар, велосипед спортымен шұғылданатындар және қызығатындарға Орталық саябақтағы жарықтандырылған және асфальтталған шаңғыроллер тасжолын пайдалана алады»,-дейді Астана қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Сымбат Мырзағұлов.

Қазіргі  таңда велосипедшілер үшін қалалық тротуар құрамына Тұран даңғылы бойындағы Керей мен Жәнібек хандар Достық көшесіне дейінгі аймақта 1,5 шақырым жол төселді. Ал жыл соңына дейін тағы 10,5 шақырым жол пайдалануға берілмек.

Хабарламаларға жазылу