Қарызы бар азаматтар шетелге шыға алмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарызы бар азаматтар шетелге шыға алмайды

28.07.2014
Қарызы бар азаматтар шетелге шыға  алмайды

Елімізде жаз мезгілінде демалысқа шығатындардың басым бөлігі шетелдік курорттарды таңдайды. Олар көбінесе Түркия, БАӘ, Грекия және Таиланд елдерінде демалады.

Бірақ қазақстандықтар көптен күткен демалысына бармай қалмас үшін сот актілері бойынша қарыздарын уақытылы өтеуі тиіс. Борышкерлер мемлекеттік шекарадан асып кете алмайды. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Өйткені, сот орындаушысы «Атқарушылық іс-жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР Заңына сәйкес борышкердің Қазақстаннан тыс шығуына уақытша шектеу қою туралы қаулы шығаруға құқылы.

Қандай да болмасын қарызы болса, алимент, несие мен займдарды, салықтарды, айыппұлдарды, ТКШ және басқа да төлемдерді төлемесе, шетелге бармай қалуы мүмкін.

ҚР Әділет министрлігі қызметкерлерінің айтуынша, өндіріп алушымен екіжақты келісімге қол жеткізілген жағдайда немесе қарызды толық қайтарғанда ғана шетелге баруға рұқсат алуға болады.

Содан кейін азаматтар елден тыс шығуға тыйым салу санкциялары тізімінен алынып тасталады және олардың саяхатқа шығуларына болады. Сонымен қатар, Қазақстаннан тыс жерлерде ем-дом қабылдау қажет болған жағдайда шетелге баруға тыйым салу тоқтатылуы мүмкін. 

Хабарламаларға жазылу