Елімізде БҰҰ орнықты даму мақсаттары жөніндегі акселератор жұмысын бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде БҰҰ орнықты даму мақсаттары жөніндегі акселератор жұмысын бастады

04.05.2024

Елімізде Біріккен ұлттар ұйымының орнықты даму мақсаттары жөніндегі акселератор жұмысын бастады. Бүгін Жоғары палата спикері Мәулен Әшімбаев пен сенат депутаттарының қатысуымен, Палатаның жобалық кеңсесі, Мақсұт Нәрікбаев университеті және Ақмола облысы әкімдігінің бірлескен іс қимылы аясында алқалы жиын өтті. Сенат төрағасы, Мемлекет басшысы орнықты даму мәселелеріне үнемі баса мән беретінін атап өтті.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:

Президентіміздің тапсырмасы бойынша Парламентте Орнықты даму саласындағы ұлттық мақсат-міндеттердің іске асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия құрылды. Өңірлермен бірлескен іс-әрекеттің нәтижесінде акселератор өз жұмысын бастап отыр. Ол орнықты даму мақсаттарын жүзеге асыру аясындағы жүйелі жұмысты жалғастырып, тиімді шешімдер әзірлеудің маңызды тетігі болады деп сенеміз. 

Хабарламаларға жазылу