«Алматы» қорығының ерекшеліктері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Алматы» қорығының ерекшеліктері

12.07.2014
«Алматы» қорығының ерекшеліктері

«Алматы» мемлекеттік табиғи қорығы  Алатаудың солтүстік және оңтүстік беткейлерін алып жатыр. Негізінен Талғар тау алабынан тұрады. Шежіресі ежелгі кайнозой дәуіріне жататындықтан, қалыптасу кезеңі де тым әріден басталады.

Тау жоталарының үздіксіз түзілуі жалғасқан осы маңда  жер сілкінуі жиі болады. Талғар тау алабы мен оның сілемдерінің жер бедері мұздықтардың жылжу әрекеттерінен пайда болған. Әлі күнге Іле Алатауының солтүстігіне қарай беткейлерінде қалыңдығы 20-30 метр мұздық, көпжылдық түйіршікті қар қабаттары кездеседі.

Тау жыныстарының қарқынды түрде үгітілуінен пайда болған жалаңаш  немесе  тік, құлама жартастар жиі ұшырасады. Ұшар басы үшкірленіп біткен құз, биік қия, қорым тастар да өте көп.

«Алматы» қорығының басқа да ерекшеліктері турасында бүгін 15.45-те «Мәлім де беймәлім» хабарынан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу