Соғыс ардагері Рзағұл Байкешевке құрмет көрсетілді
Астанадағы соңғы соғыс ардагері Рзағұл Байкешевке құрмет көрсетілді. Ғасыр жасаған қарияны әскерилер Жеңіс күнімен құттықтады. Сый-сыяпат табыстап, арнайы парад ұйымдастырды.
Рзағұл Байкешев соғысқа аттанғанда небәрі 17 жаста еді. Боз бала қан майданның қақ ортасы – Калинин облысына аттанады. Одан соң Ржев түбіндегі шайқастарға және Великие Луки қаласы маңындағы шабуылдау операциясына үлес қосты. Майдан жолы оны Польша, Румыния және Венгрия арқылы да алып өткен. Осылайша талай қаланы азат етуге қатысқан ол 45-жылы елге ефрейтор шенімен оралды. Отбасын құрып, 2 бала тәрбиелеп өсірді. Бүгінде ақсақал немересімен тұрады.
Камал Садуова, ардагердің келіні:
Талғат деген менің балам, атама немере болады. Сол немересін бауырына басып, өсіріп, енді сол немересінің қолында. Мен келгенде «пирожки әкелдің бе?» деп сұрайды. Картоп қосылған бәліш әкелемін. Бүкіл айтқанын істейміз.
Рзағұл ақсақал қазір 103 жаста. Ол Астанадағы соңғы соғыс ардагері. Кейінгі
кездері денсаулығы сыр бергенімен, ойы сергек. Жеңіс күнімен құттықтауға келген
сарбаздар мен қала тұрғындарына ризашылығын білдіріп, бата берді. Мерекелік
іс-шарамен қатар, ардагерге әлеуметтік көмек көрсетілді.
Аида Меңдібаева, әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы:
Осы ай бойы ардагер ақсақалдың есігіне құттықтаулар көп келіп жатыр. Сонымен қатар ауданымыз бойынша 200-ден аса тыл еңбеккерлері бар. Оларды Астана қаласы әкімі аппаратының атынан құттықтау шаралары апта бойы жүргізіліп келеді.
Рзағұл Байкешевтің жастық шағы сұм соғыстың ортасында өтті. Бірақ бұған
өкінбедім, дейді ақсақал. Өйткені соғыс оны бейбітшіліктің қадірін түсінуге
үйретті. Жастарға айтар өсиеті де сол.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еуропа кеңесі Қазақстандағы конституциялық реформаларды қолдады
27.06.2026, 16:48
Мемлекет басшысының атынан Астанада бір топ БАҚ қызметкеріне пәтер берілді
27.06.2026, 10:50
2 есе жұмысқа – екі есе ақы
26.06.2026, 20:16
Президенттің атынан отандық үздік БАҚ өкілдері марапатталды
26.06.2026, 20:15
Президент атынан БАҚ өкілдеріне 66 пәтер берілді
26.06.2026, 20:14
Мобильді аударым: 115 мыңға жуық адамға ескерту жіберілген
26.06.2026, 20:11
«Әділет» партиясында ірі бизнес өкілдерінің қатысуымен Іскерлік кеңес құрылды
26.06.2026, 20:10
Оралда мұнай сервис кәсіпорындарының форумы өтті
26.06.2026, 20:10