«Бүкір» романының авторы өмір бойы стипендия алады
Елімізде үздік роман авторларына жыл сайын берілетін Mecenat.kz әдеби сыйлығының биылғы жеңімпазы анықталды. Байқаудың 5-маусымында журналист әрі жазушы Есболат Айдабосынның «Бүкір» романы үздік деп танылды.
Биылғы байқауға жалпы 33 өтінім түскен. Шарт бойынша кітап болып басылып
шықпаған шығармалар қабылданды. Бұған дейін оқырман туындылармен аудио және электронды
нұсқада танысып, әлеуметтік желіде пікір қалдырып, дауыс берді. «Бүкір» романы
көпшіліктің таңдауымен ашық дауыс беру арқылы үздік деп танылды. Онда автор жылқы тағдыры арқылы
адамдық қасиет, әлеуметтік теңсіздік, ар-намыс тақырыптарын терең қозғаған.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпазға ай сайын 500 доллар көлемінде ғұмыр бойғы
стипендия тағайындалды. Қазірдің өзінде «Бүкір» романын ағылшын тіліне аударуға
ұсыныстар түсуде. Автордың айтуынша, туынды осы жылы кітап болып басылып
шығады.
Есболат Айдабосын, «Бүкір» романының авторы, жоба жеңімпазы:
Бүкір атты мен бала күнімде, 5-6 жасымда көргенмін, өмірде болған ат. Осы Бүкірді әңгіме ретінде жазып көрейінші дедім, өйткені мен ат тақырыбын, аңшылық тақырыпты жазсам, рахаттанамын. Әңгіме ретінде бастағанмын, жазу кезінде қызық процесс болды, түсіндіріп айта алмаймын. Мен оны 15 бетке келгенде тоқтатамын деп, бір қарасам 30 бетке келдім, солай-солай 60-70 бетке кетіп қалды. Қарасам, бір шағын роман болып шыға келді.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Атырауда Халықаралық шахмат турнирі басталды
13.10.2026, 20:29
Ұстаз Қанипа Бітібаеваның әдістемесі мектептерде пайдаланылады
13.10.2026, 20:26
Сарапшылар: Қазақстан Конституциясы сөз бостандығына кепілдік береді
13.10.2026, 20:08
Әлем жаңалықтарына шолу
13.10.2026, 20:06
Жедел жәрдем бригадасының қозғалысын картадан бақылауға болады
13.10.2026, 20:05
Бельгия Королі мен Патшайымы қазақтың ұлттық дәстүрлерімен танысты
13.10.2026, 20:05
Бельгиямен байланыстың жаңа белесі басталды
13.10.2026, 20:05
«Алтын виза» енгізіледі: Құрылтай көші-қон заңнамасын жетілдіруге кірісті
13.10.2026, 20:04