Басты Жаңалықтар Бүгін - Медбикелер күні

Бүгін - Медбикелер күні

Бүгін - Медбикелер күні. Қазіргі уақытта еліміз бойынша 225 мыңнан астам медбике халық саулығы жолында еңбек етіп келеді. Мейірім мен кәсібилікті ұштастырған медбикелер қатарында халықаралық деңгейдегі ең жоғары және беделді марапаттардың бірі Флоренс Найтингейл медалінің иегерлері де бар. Тақырыпты көкшетаулық тілшіміз жалғастырады.

Көкшетаулық Татьяна Спиглазова - Флоренс Найтингейл медалін бейбіт күнде алған Ақмола облысы бойынша алғашқы медбике. Оның медицина саласында 25 жылдан артық еңбек өтілі бар. Біліктілігі жоғары медбике қысым жарасына қарсы бірегей жақпа майды ойлап тапқан. Татьяна авторлық жақпамайын патенттеп, жаппай өндіріске де шығарды. Қазірде де ол ауыр халдегі науқастарға көмектесіп жүр.
Татьяна Спиглазова, Ф.Найтингейл медалінің иегері, жоғары санатты медбике:
Ұзақ сырқатқа шалдығып, үйіне қайтарылған науқасқа әрдайым медициналық көмек қажет екенін біліп, мен осы салаға бет бұрдым. Бұл бағытта «Вера в добро» қоғамдық қор арқылы көмек көрсетіп келемін. Бұл - менің миссиям. Халықаралық деңгейдегі жоғары марапат менің осы адамгершілігі мол қадамым үшін берілді деп санаймын.
Облыстық көпсалалы аурухананың анестезиология, жансақтау және қарқынды терапия бөлімінде бүгінде 24 медбике қызмет етеді. Олардың бірі - Анар Сансызбаева. 28 жылдық еңбек өтілі бар тәжірибелі маман өз кәсібіне адал, жауапкершілігі мол жан.
Анар Сансызбаева, жоғары санаты медбике:
Мен медицина саласына келгелі анестезиология және жансақтау бөлімінде қызмет етуді армандадым. Себебі бұл бөлімде әрдайым кәсіби біліктілігіңді арттырып отырасың. Көп нәрсені үйренесің. Мәселен, осы бөлімде анафилактикалық шок, жүректің тоқтап қалуы сияқты аса қиын жағдайларда  шұғыл әрекет етуді үйренесің. Менің әкем анестезиолог дәрігер болған. Сондықтан медбике болып, ауыр халдегі науқастарға көмектесу – менің өмірлік миссиям деп санаймын.
Анар Сансызбаева жоғары санатты медбике ретінде қиын әрі шұғыл ота кезінде де дәрігерлердің бас көмекшісі ретінде әрдайым жанынан табылады.
Мақсат Есмағамбетов, дәрігер:
Анар Қайырбаевна өте тәжірибелі, әрдайым көмек көрсетуге дайын тамаша медбике, өте жауапты. Өз жұмысыны өте жоғары ынтамен қарайды.
Медбикелік – жүгі де, жауапкершілігі де мол мамандықтардың бірі. Бүгінде Ақмола облысында 6800 медбике қызмет етеді. Олар сырқатына ем, дертіне дауа іздеген жанның көңіліне демеу бола білетін мамандар.


Бөлісу