Басты Жаңалықтар Семейлік жастар шаһар маңын тазалады

Семейлік жастар шаһар маңын тазалады

Семейде жастардың бастамасымен «Таза Қазақстан» акциясы ұйымдастырылды. Экологиялық шараға қаладағы оқу орындарының белсенді студенттерімен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері қатысты. Олар  қаланың ең шеткі аудандарының бірі “Водный” кентінің маңын қоқыстан тазартты. Ол жер бейберекет қалдықтарды тастайтын орынға айналған. Акцияға қатысқан 60-қа жуық адам төңіректен тонналаған қоқыс жинады. Биыл Абай облысы бойынша «Таза Қазақстан» акциясы аясында ондаған ауқымды экологиялық шара ұйымдастырылған. Нәтижесінде 35 мың тоннадан астам қоқыс шығарылып, жүздеген қоғамдық орын мен су айдындары тазартылды.

Өрлеубек Ерсінбек, облыстық қоғамдық келісім орталығының әдіскері:

Мына жердегі қоқыс - тұрмыстық қалдық. Адамдар үйінен әкеліп тастаған қалдық. Біз соны жинап жатырмыз. Ешкім қоқысын шашпайтын болса, мұндай жағдай болмайтын еді. Қаламыз бұлай ластана беретін болса, болашақта қоқыстың астында қаламыз. Сондықтан барлығымыз қаламыздың тазалығына, ортамыздың тазалығына немқұрайлы қарамай, дұрыстап сақтаса деген ниеттеміз.


Бөлісу