Басты Жаңалықтар Ханой түбінде әскери тікұшақ апатқа ұшырап, 16 адам қаза тапты

Ханой түбінде әскери тікұшақ апатқа ұшырап, 16 адам қаза тапты

Ханой түбінде әскери тікұшақ апатқа ұшырап, 16 адам қаза тапты

Вьетнам астанасының маңында ресейлік өндіріс шығарған Ми-171 әскери тікұшағы апатқа ұшырады, деп мәлімдеді ҚазАқпарат.  Тікұшақ жаттығуларға қатысып жатқан парашютшілерді тасымалдап жүрген болатын.

РБК-нің хабарлауынша, тікұшақ түгел жанып кеткен. Ресми мәліметтерге қарағанда, 16 адам қаза болып, 5-уі жараланды. Бортында  Вьетнам армиясының 916-полкының барлығы 21 әскери қызметшісі болған.

Ми-171 әскери-тасымал тікұшағы Ми-8 тікұшағының  экспортқа ыңғайланған модельдерінің бірі. Оның міндеті - десанттарды, барлау операцияларын, торуылдауды тасымалдау және жедел түсіру.

Сондай-ақ, Ми-171-ді  құтқару операцияларын жүргізу үшін сатып алады. Бұл техника әлемнің көптеген елдеріне, соның ішінде Қытайға, Бразилияға, Суданға, Чехияға, Хорватияға жеткізілген.

Улfн-Удэдегі авиация зауыты шығарған төрт Ми-171 тікұшағы 2005 жылы Вьетнамға сатылды. Сол кезде Вьетнам қорғаныс министрлігі оның сапасына ризашылығын білдірген және жаңа жеткізілімдер жөнінде уағдаласқан болатын.

Бөлісу