Франция мен Испанияда өртпен күреске мыңдаған маман жұмылды
Франция мен Испаниядағы алапат апатпен мыңдаған өрт сөндіруші күресіп жатыр. Францияда жалын 42 мың, ал Испанияда 77 мың гектар алқапты шарпыған. Франция президенті Эммануэль Макрон өрт ошағынан 15 шақырымдағы Бордо қаласына барып, жергілікті өрт сөндірушілермен кездесті. Алдағы күндері жағдай қиындауы мүмкін екенін ескертті. Себебі ауа температурасы 40 градусқа дейін жоғарылауы ықтимал. ЕуроОдақ Испания мен Францияға қосымша өрт сөндіруші ұшақтар жіберді. Былтыр Еуропада өрт миллион гектар орманды күлге айналдырды. Ал биыл ерте тұтанған тілсіз жаудан келетін шығын бұдан да көп болуы мүмкін деген болжам бар.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскеменде «Жас мерген» облыстық турнирі өтті
19.10.2026, 17:27
Қазақы тазылардың аңшылық қасиеттері сыналды
19.10.2026, 17:25
Creative Aimaq көрмесінде 80-нен астам туындыны таныстырды
19.10.2026, 17:24
Республика күніне орай сауда орындарында жеңілдік басталды
19.10.2026, 17:22
7 жыл ішінде отбасын қолдайтын 160 орталық ашылған
19.10.2026, 17:20
Ресей Болон процесінен бас тартты
19.10.2026, 17:17
Рубио Орталық Азия елдерің сыртқы істер министрлерімен кездесті
19.10.2026, 17:16
Трамп санкцияны жеңілдеткеннен кейін мұнай 2% арзандады
19.10.2026, 17:15