БҚО-да қатты желден 5 мың абонент жарықсыз қалды
Оралда аптап ыстық пен қатты желден 5 мың абонент жарықсыз қалды. Жоғары кернеулі желілерде апатты жағдай болып, қаланың бірқатар ауданында электр қуаты өшірілді. Қазіргі жағдайдың қандай екенін өңірдегі тілшіміз Ардақ Мұратқызынан сұрап білейік. Ардақ, сіз эфирдесіз.
Ардақ Мұратқызы, тілші:
Кеше ауа температурасы 40 градусқа дейін көтеріліп әрі күшті желдің салдарынан қаланың бірқатар ауданында жарық өшті. Атап айтқанда, шаһардың орталық бөлігі, Ескі әуежай ауданы, Қонаев шағынауданы, Асан ауылы, сондай-ақ Мичурин ауылы аумағындағы саяжайлар электр жарығынсыз қалды. Апатты жою және қалпына келтіру жұмысына қалалық электр желілерінің 12 авариялық жөндеу бригадасы жұмылдырылды. Қазіргі уақытта жөндеу-қалпына келтіру толық аяқталған. Қаланың барлық ауданында электр қуаты толық көлемде берілді. Ал кеше түсте қала іргесіндегі Хан тоғайынан шыққан өрт әлі толық сөнген жоқ. Тілсіз жау кешкі сағат 9-ға жақын оқшауланды. Өрт аумағы 18 гектарды қамтыған. Төтенше жағдай министрлігінің хабарлауынша, өртті сөндіруге шамамен 80 адам, 10 арнайы техника, 2 тікұшақ жұмылдырылған. Авиация көмегімен жалпы көлемі 68 тоннаны құрайтын 46 рет су төгілген. Ал жалынды толық ауыздықтауға аптап ыстық пен екпінді жел де қиындық туғызып тұр дейді, құтқарушылар.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
АҚШ әскерилері Иранның Кешм аралына соққы берді
03.11.2026, 20:13
Пәтер алып беремін деп 227 адамды алдап соққан
03.11.2026, 20:10
Елдегі 11 ірі банк тексеріледі
03.11.2026, 20:05
Әсел Жанасова ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Көлік министрі болып тағайындалды
03.11.2026, 20:03
«Ұмай» ипотекасы: 20 млрд теңгеге 850 сертификат берілді
03.11.2026, 20:00
Алаш қайраткерлерінің еңбектері жарық көрді
03.11.2026, 17:25