Шымкентте 55 мыңнан астам адамның айыппұлы кешірілді
Шымкентте 55 мыңнан астам тұрғынның қарызы кешірілді. Жаңа Конституцияның қабылдануына орай жарияланған әкімшілік рақымшылық аясында жалпы сомасы 2 миллиард теңгеге жуық әкімшілік айыппұл есептен шығарылып, 106 мыңнан астам іс бойынша өндіріп алу тоқтатылды. Заң 2 шілдеге дейін өтелмеген берешектерге ғана қолданылды. Барлық рәсімдер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы автоматты түрде жүргізіліп, азаматтардан өтініш не қосымша құжат талап етілген жоқ. Жауаптылардың айтуынша, бұл бір реттік ізгілік шарасы болғандықтан, алдағы құқық бұзушылықтар үшін жауапкершіліктен босатпайды.
Бақыткелді Әбдіраманов, қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары:
Бүгінгі таңда әкімшілік рақымшылық бойынша жұмыстар толық аяқталды. Бұл көптеген азаматтардың қаржылық жүктемесін азайтуға және заңның ел аумағында біркелкі қолданылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берген ең ауқымды әкімшілік рақымшылықтардың бірі болды.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындарының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына 4 алтын, 2 қола медаль түсті
20.09.2026, 20:15
Президент Үкіметке әлеуметтік қолдау мен жол сапасына қатысты тапсырма берді
20.09.2026, 20:11
Фастфуд жарнамасын шектеу семіздікті азайта ма?
20.09.2026, 20:06
«Орталық Азия+» форматының мәні неде?
20.09.2026, 20:06
19 млрд доллар: Қазақстан мен Корея қандай келісімдерге қол қойды?
20.09.2026, 20:01
Ілеспе газды майнингке жұмсау қаншалықты тиімді?
20.09.2026, 18:16
Ұлдана Мырзуан ісі: Сапасыз тұрғын үйлерге кім жауапты?
20.09.2026, 18:13
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27