Алакөл жағалауында қауіпсіздік күшейді
Жетісу облысы Алакөл жағалауында қауіпсіздік шаралары күшейді. Қазір көл маңында полиция қызметкерлері мен төтенше жағдайлар мамандары тәулік бойы кезекшілік атқарып жүр. Туристік маусым басталғалы 2 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. 7 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Ережені ескермегендер көбіне көпшілік жерде тәртіпті бұзып, тыныштықты сақтамағандар. Одан бөлек, қоғамдық орындарда мас күйде жүргені үшін де жауапкершілікке тартылған.
Жағалаудағы 224 демалыс орны бір мезетте 21 мыңнан астам туристі қабылдай алады.
Марлен Көлбаев, облыс әкімінің орынбасары:
50 полиция қызметкері сол жақта кезекшілік ұйымдастырады. 14 төтенше жағдайлар қызметкері сол жерде күнделікті кемемен рейдтік жұмыстар жүргізеді. 139 рейдтік шара ұйымдастырылды. 6 кеме кемелер тұрағына қойылды.
Автор
Нұрдәулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ақиқат» Ұлттық қоғамдық-саяси журналына 105 жыл
22.09.2026, 17:35
Түркістанда Оксфорд студенттері қазақша үйреніп жүр
22.09.2026, 17:30
Ел жаңалықтарына шолу
22.09.2026, 17:27
Биыл Жамбыл облысында 50 мың ағаш еккен
22.09.2026, 17:22
БҚО Шабдаржап ауылында су мәселесі шешілмей тұр
22.09.2026, 17:20
Түркістан облысының алыс ауылдарына да асфальт төселуде
22.09.2026, 17:17
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81 сессиясы ашылады
22.09.2026, 17:15
Түркияда мектепте атыс болды
22.09.2026, 17:12