Менен көрермен есті ән, терме, салмақты сөз күтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Менен көрермен есті ән, терме, салмақты сөз күтеді

04.07.2014
Менен көрермен   есті ән, терме, салмақты сөз күтеді

5 шілде күні Астанада әнші, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Мейрамбек Бесбаевтың «Құс қанат ғұмыр» атты жеке шығармашылық кеші өтеді. Осыған орай әнші «Таңшолпанға» сұхбат берді.

«Ұстазым Алтынбек Қоразбаевсыз менен ештеңе шықпас еді. Өнерде бағымның жанғаны да сол кісінің арқасы. Бала кезімдегі армандарымның бәрі орындалды. Себебі, өз тілімде, өзіме ұнаған әнді орындай аламын. Өзіме жақын адамдармен жұмыс істей аламын. Сондықтан, өзімді бақытты өнерпаздар қатарына жатқызамын»,-дейді ол.

Әнші жеке концерті турасында: «Мен мемлекеттік дәрежедегі үлкен сахнада болған емеспін.  Бұл концерт мен үшін ерекше. Себебі, Астана күні қарсаңында «Қазақстанның» үлкен сахнасында өтуі – мен үшін құрмет. Кешке бірқатар эстрада жұлдыздары қатысады. Сондай-ақ, менің кешімді Алтынбек ағасыз елестету қиын болар»,-дейді.

«Менің көрермендерім менен, аспаннан түсу, би немесе керемет шоу күтпейді. Менен көрермендер есті әндер, термелер, күйлер, салмақты сөздер күтеді. Сондықтан, мен осыған барынша дайындалдым»,-дейді әнші.

Хабарламаларға жазылу