«Қазақстан» телерадиокорпорациясы қызметкерлерге арналған кітап алаңын ашты
Президенттің «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы қызметкерлерге арналған кітап алаңын ашты. «Қазмедиа» орталығындағы алаң кітап оқу мәдениетін насихаттауға, әдебиетке деген қызығушылықты арттыруға бағытталған. Сөреге 800-ге жуық кітап қойылған. Қордағы әдебиеттер қызметкерлерге қолжетімді болады. Жиын аясында корпорация қызметкері, ақын Олжас Қасымның екі жыр жинағының тұсаукесері өтті.
Азамат Кеңесұлы, «Абай TV» телеарнасының директоры:
Кітап оқуды тележобаларда насихаттауға үлес қосамыз. Корпорация қызметкерлері ішінен пул қалыптастырылды. Бірнеше тармақтан тұратын жоспар жасалды. Пулға кіретін біздің корпорация қызметкерлері игі бастамаға негіз болып отыр.
Олжас Қасым, ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері:
Азат жол – поэзиялық жинақ. Ішінде елдігіміз туралы, жалпы отан, азаматтық лирика топтастырылған. Сонымен қатар балалар мен жасөспірімдерге арналған М.Мақатаев туралы ақынның өмірінен сыр шертетін тың деректерді тауып, осы балаларға базарлық ретінде ұсынып отырмыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы