Түркістан облысында тағы 34 елді мекенге газ беріледі
Түркістан облысында 73 ауылды табиғи газға қосу үшін 12,7 млрд теңге бөлінді. Ал 36 мыңнан аса халқы бар 34 елді мекен биыл жыл соңына дейін көгілдір отынмен қамтылады деп күтілуде. Жуырда Ордабасы ауданына қарасты Шұбарсу ауылына көгілдір отын берілді. Тұрғын үйлерді көгілдір отынға қосу төрт кезең бойынша жүзеге асырылады. Қазіргі таңда ішкі газ желілерін салу үшін құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар толықтай аяқталған кезде 15 133 тұтынушы көгілдір отынның игілігін көреді. Қалған тұрғын үйлер газға келер жылы қосылады.
Есімхан Каюпов, Шұбарсу ауылының тұрғыны:
Осы бізде Шұбарсуда газ болмай, көмір жағып, талай қиыншылық болды. Ол енді тасымалмен келетін көмір. Кейде болады, кейбіреулерге жетпейді. Талай отбасы уланып қалған жағдайлар болды. Үлкен қуаныш, кезең-кезеңімен газ берілейін деп жатыр. Барлық Шұбарсу ауылы қамтылады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы