Басты Жаңалықтар АҚШ Президенті елімізді Республика күнімен құттықтады

АҚШ Президенті елімізді Республика күнімен құттықтады

Республика күніне орай АҚШ Президенті Дональд Трамп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттықтау жеделхатын жолдады. Ол соңғы бір жылда Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестіктің нығайғанын атап өтті. Әсіресе халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастыққа және екі елге тиімді коммерциялық келісімдерге тоқталды. Сондай-ақ Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш болып АҚШ танығанын еске салып, еліміздің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдайтынын жеткізді. Дональд Трамп Қазақстанның экономикалық дамуына америкалық компаниялардың қосқан үлесін жоғары бағалады. Жеделхат соңында екі ел арасындағы достық қатынастардың жалғасатынына сенім білдіріп, желтоқсан айында өтетін G20 саммиті аясында Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуді асыға күтетінін жазды.

Бөлісу