Басты Жаңалықтар Сарапшы: Қазақстан этносаралық келісімнің озық моделін қалыптастырды

Сарапшы: Қазақстан этносаралық келісімнің озық моделін қалыптастырды

Қазақстан Орталық Азияда этносаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты сақтаудың өзіндік моделін қалыптастырды. Саясаткерлер мен сарапшылардың пікірінше, елдің бұл бағыттағы тәжірибесі аймақтағы мемлекеттер үшін маңызды. Бұл Қазақстанның халықаралық беделін арттырып қана қоймай, инвестициялық тартымдылығын да нығайтады. Түрлі этнос өкілдерінің бейбіт өмір сүруі елдің тұрақты дамуына ықпал етеді. Өйткені инвесторлар үшін қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – экономикалық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды факторлардың бірі.

Лидия Батюкова, Марий Эл Республикасы үкіметі төрағасының І орынбасары:

Елдеріңізде түрлі этнос өкілдері өзара түсіністік пен сыйластық жағдайында өмір сүріп жатыр. Әр халықтың мәдениетіне құрметпен қарау – қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықтың негізі. Ал мұндай татулық өз кезегінде экономиканың дамуына, инвестиция тартуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға оң ықпал етеді. Сондықтан этносаралық келісім – кез келген мемлекеттің тұрақты дамуының маңызды кепілі.

Бөлісу