Басты Жаңалықтар «Әділет» партиясы «Таза Қазақстанды» цифрландыруды ұсынды

«Әділет» партиясы «Таза Қазақстанды» цифрландыруды ұсынды

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі «Таза Қазақстан» бағдарламасын жетілдіру бойынша жаңа бастамалар ұсынды. Астанада өткен салалық кеңес отырысында бағдарламаны цифрландыру, бірыңғай цифрлық платформа құру, өтініштердің орындалуын ашық бақылау және тазалықтың ұлттық стандартын әзірлеу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ өңірлерде урбанистика орталықтарын ашып, экологиялық озық тәжірибелерді бүкіл елге тарату ұсынылды. Бастамалар тиісті министрліктермен бірлесіп пысықталып, нақты жұмыс жоспары әзірленеді.

Бөлісу