Алматыда жаңа аудан пайда болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жаңа аудан пайда болды

03.07.2014
Алматыда жаңа аудан пайда болды

Бүгін Алматыда Мәслихаттың XXIX сессиясы аясында Наурызбай ауданын құру туралы шешім қабылданды. Бұл аудан шаһардың әкімшілік-территориялық бірлігінде 8-ші, деп хабарлайды  Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Қала әкімі Ахметжан Есімовтің айтуынша, мұндай қажеттілік қала шекарасын 23 200 гектарға ұлғайтқаннан кейін туындап отыр.

«Жақында қала көлемін 23 200 гектарға ұлғайтқалы бері қала тұрғындарының саны өсті. Ресми ақпаратқа сай жергілікті халық саны 1 миллион 665 мың адамға жеткен. Біз ҚР Президентіне жаңа ауданның құрылуы жөнінде ұсыныс жасаған едік, Президент оны қабылдады. Наурызбай ауданы қаланың дамуына жаңа мүмкіндік болмақ»,-деді қала басшысы.

Наурызбай ауданының көлемі – 6976 гектар. Оған Әуезов ауданының жартысы енген. Ресми ақпаратқа сай жергілікті халық саны 157 мың адамды құрайды.

 

Хабарламаларға жазылу