Ақтөбеде газ құю бекетінде жарылыс болды
Облыс орталығына қарасты Кірпішті елді мекенінде орналасқан нысан бірден отқа оранды. Қазір бізбен осы өңірдегі меншікті тілшіміз Жақсыбек Кемал тікелей байланысқа шыққалы тұр.
Жақсыбек Кемал, тілші:
Оқиға бүгін таңертең, сағат алтының шамасында болды. Жарылыстың қуатты болғаны соншалық, оның дауысы бірнеше шақырым жерге естілді. Жақын маңда тұратындар үйлерінің дірілдегенін, жарықшамдарының құлағанын жазып жатыр. Белгілісі – автогаз құю бекетіндегі цистерналардың бірінде газ-ауа қоспасы жарылған. Оның әсерінен газ тасымалдаушы көлік пен операторлық бөлме отқа оранды. Ең бастысы – адам шығыны жоқ. Бұл уақытта бекетте бір ғана қызметкер жүрген. Ол жарылыс аумағынан алыста болған. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің 60 қызметкері мен 16 техникасы дереу жетіп, өртті сөндірді. Қазір жарылысқа не себеп болғаны анықталып жатыр.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16