Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары анықталды
Қазақстан азаматтарын
эвакуациялау бағыттары анықталды
Қазақстан азаматтарын Ираннан эвакуациялау бағыттары анықталды. Сыртқы істер министрлігінің ақпаратынша, отандастарымыз көршілес елдер арқылы елге жеткізіледі. Ведомство шетелдердің құзыретті органдарымен уағдаластыққа қол жеткізген.
Армян тарапымен Иран-Армения шекарасынан
кедергісіз өту мәселесі келісілді. Әзірбайжан, Түрікменстан елдері де көмектесуге
дайын. Бұған дейін Тегераннан Қазақстанның 50 азаматы шығарылды. Министрлік
дерегінше, ахуал шиеленіскен аймақтарда Қазақстанның 8 жарым мыңға жуық азаматы
бар. Көпшілігі танымал туристік аймақтарда, қажылық сапарда, транзиттік хабтар
шоғырланған жерлерде.
Оның ішінде Біріккен Араб Әмірліктерінде 3 500, Сауд Арабияда - шамамен 3 000 және Қатарда 1 500-ге жуық адам бар. Сонымен бірге, Иранда 82, Бахрейнде - 168, Кувейт пен Иорданияда -268, Израильде шамамен 100 отандасымыз жүр. Ведомство өкілдері зардап шеккендердің ішінде отандастарымыздың жоқ екенін хабарлады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы