Бүгін Еуропа Лигасының іріктеу ойындары басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Еуропа Лигасының іріктеу ойындары басталады

03.07.2014
Бүгін Еуропа Лигасының іріктеу ойындары басталады

Бүгін Еуропа Лигасының 2014/15 жылғы маусымы басталады. Жаңа маусымның бірінші іріктеу кезеңінде қазақстандық үш клуб – «Шахтер», «Астана» және «Қайрат» алғашқы ойындарын өткізеді.

Алғашқы іріктеу кезеңінің бірінші ойынында «Шахтер» мен «Астана» сырт алаңда армениялық «Ширак» және «Пюник» клубтарымен кездеседі.

Ал «Қайрат» еуромаусымды өз алаңында бастайды. Алматылық клуб «Кукеси» (Албания) клубын қабылдайды.

Барлық ойындар Астана уақытымен 20:00-де басталады.

Хабарламаларға жазылу