Бүгін УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі аясында «Селтик» - «Астана» матчы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі аясында «Селтик» - «Астана» матчы өтеді

16.08.2017

Бүгін түнде УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі аясында «Астана» футбол клубы сырт алаңда Шотландияның 48 дүркін чемпионы «Селтик» командасымен күш сынасады. Аталған матч Астана уақытымен түнгі сағат 00:30-да басталады. Матчты «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Естеріңізде болса, бұған дейін қос команда өткен маусымда Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңінде кездескен. Екі кездесудің қорытындысында шотландиялық ұжым 3:2 есебімен келесі кезеңге өтіп, елордалық команда Еуропа лигасына жол тартқан еді. Араға бір жыл салып, осы екі команданың жолы УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде қайта түйісті. Сонымен қатар, қазақстандық сарапшылардың айтуынша, елордалық футболшылардың топтық кезеңге өтуге шамасы жетеді.

Хабарламаларға жазылу