Бүгін УЕФА Чемпиондар Лигасы жартылай финалының қарымта ойындары басталады
Бүгін УЕФА Чемпиондар Лигасы жартылай финалының қарымта ойындары басталады. Испанияда Вильярреал командасы ағылшындық Ливерпуль құрамасын қабылдайды. Бір апта бұрын Энфилдте өткен бірінші ойында Юрген Клопптың шәкірттері 2:0 есебімен басым түскен еді. Қызылдардың финалға өтуге мүмкіндігі көп. Футбол сарапшылары да Ливерпуль командасы жеңіске жетеді деген болжам айтуда. Командалар бұған дейін 2016 жылы Еуропа лигасының жартылай финалында жолыққан. Ол кезде де қос ойынның нәтижесі бойынша 3:1 есебімен ағылшындық команда жеңген еді. Ойынды бүгін түнгі сағат 1-де «Qazaqstan» Ұлттық арнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар. Ал ертең Реал-Мадрид – Манчестер сити кездесуі өтеді. Бұл матчты да біздің арна тікелей эфирде көрсетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы16 сағаттық онлайн-марафон өтіп жатыр
15.03.2026, 13:27
«Елорда халықтық қоры» мерекелік концерті өтуде
15.03.2026, 13:24
Перзентханадағы аналар да дауыс беруде
15.03.2026, 13:21
Қарағанды облысының ауылдары белсенді
15.03.2026, 13:18
Қазақстан азаматтары үшін 54 елде 71 референдум учаскесі ашылды
15.03.2026, 13:15
Ыстанбұлда да референдумға қатысуда
15.03.2026, 13:12
Қоғамдық байқаушылар референдумды қалт жібермей отыр
15.03.2026, 13:09
ОРК дауыс беруге қатысты мәлімет жариялады
15.03.2026, 13:06