Бүгін Еуропа Лигасы іріктеу кезеңінің қарымта ойындары өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Еуропа Лигасы іріктеу кезеңінің қарымта ойындары өтеді

10.07.2014
Бүгін Еуропа Лигасы іріктеу кезеңінің қарымта ойындары өтеді

Бүгін Еуропа Лигасының бірінші іріктеу кезеңінде «Шахтер», «Астана» және «Қайрат» қарымта матчтарын өткізеді.

Алғашқы ойында 2:1 есебімен жеңіске жеткен қарағандылық «Шахтер» өз алаңында «Ширак» командасын қабылдайды. Ойын Астана уақытымен 18:30-да басталады.

Ереванда «Пюник» командасын 4:1 есебмен ұтқан «Астана» қарымта ойынын «Астана-Арена» стадионында өткізеді. «KAZsport» телеарнасы бұл ойынды тікелей эфирде көрсетеді. Матч Астана уақытымен 19:00-де басталады.

Алматыда албаниялық «Кукеси» командасынан 1:0 есебімен басым түскен «Қайрат» қарымта кездесуін Тиранада өткізеді. Матчтың басталу уақыты – 23:30 (Астана уақытымен).

Хабарламаларға жазылу