«Астана» - «Мидтьюлланд» ойыны «QAZSPORT» арнасының тікелей эфирінде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана» - «Мидтьюлланд» ойыны «QAZSPORT» арнасының тікелей эфирінде

23.07.2018
«Астана» - «Мидтьюлланд» ойыны «QAZSPORT» арнасының тікелей эфирінде

УЕФА Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңі аясындағы елордалық «Астана» мен даниялық «Мидтьюлланд» командалары арасындағы ойын «QAZSPORT» арнасының тікелей эфирінде көрсетілетін болады.

Ойын 24 шілде күні 19:50-де басталады.

Естеріңізге сала кетейік, елордалық ұжым кәрі құрлықтың басты додасы аясындағы алғашқы іріктеу сынында черногориялық «Сутьесканы» жеңген болатын.

Сондай-ақ, «QAZSPORT» арнасы 26 шілде күні Еуропа Лигасының іріктеу кезеңі аясында бақ сынайтын «Қайрат» және «Тобол» командаларының ойынын тікелей эфирде көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу