«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы «Қайрат»-«Хапоэль Беэр-Шева» матчын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы «Қайрат»-«Хапоэль Беэр-Шева» матчын тікелей эфирде көрсетеді

26.07.2019
«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы «Қайрат»-«Хапоэль Беэр-Шева» матчын тікелей эфирде көрсетеді

Қазақстандық жанкүйерлер Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңінің қарымта матчы - «Қайрат» пен израильдік «Хапоэль Беэр-Шева» арасындағы ойынды тікелей эфирде тамашалай алады.

1 тамызда Алматыда өтетін ойынды «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Матч Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 20:30-да басталады.

Алғашқы ойында қазақстандық клуб «Хапоэль Беэр-Шеваға» 2:0 есебімен ұтылған болатын.

«Қайрат» Еуропа Лигасы іріктеу кезеңінің үшінші айналымына шыққан жағдайда «Норрчепинг» (Швеция)-«Лиепая» (Латвия) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Хабарламаларға жазылу