Wimbledon-2014. Зарина Диас төртінші айналымға шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Wimbledon-2014. Зарина Диас төртінші айналымға шықты

29.06.2014
Wimbledon-2014. Зарина Диас төртінші айналымға шықты
Қазақстандық теннисші Зарина Диас Лондонда өтіп жатқан Wimbledon-2014 турнирінің төртінші айналымына шықты. 20 жастағы Зарина үшінші айналымда ресейлік Вера Звонаревадан басым түсті. Есеп - 7/6(1), 3/6, 6/3.
 
Зарина Диас бірінші сетте тай-брейкте жеңіске жетсе, екінші сетте қарсыласы есепті теңестіре алды. Дегенмен, шешуші сетте қазақстандық теннисші басымдық танытты. Екі теннисшінің арасындағы алғашқы кездесу 2 сағат 7 минутқа жалғасты.
 
Төртінші айналымда Зарина Диас румын қызы Симона Халеппен кездеседі. Халеп үшінші айналымда швейцариялық Белинда Бенчичтен басым түсті.
 
Айта кетейік, Ярослава Шведованың да төртінші айналымға шығуға мүмкіндік бар. Оның АҚШ теннисшісі Мэдисон Кизбен кездесуі қараңғы түсуіне байланысты тоқтатылды. Әзірге 7/6, 6/6 есебімен Шведова алда келеді.
 
Ал ерлер бәсекесінде қазақстандық теннисшілер жарысты тоқтатты. Михаил Кукушкин үшінші айналымда атақты испандық теннисші Рафаэль Надальдан ұтылды. Есеп: 7/6, 1/6,1/6, 1/6. Бұған дейін, Андрей Голубев пен Алексадр Недовесов бірінші айналымда сүрінген еді. 

Хабарламаларға жазылу