Петра Квитова Wimbledon-2014 жеңімпазы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петра Квитова Wimbledon-2014 жеңімпазы атанды

06.07.2014
Петра Квитова Wimbledon-2014 жеңімпазы атанды

Әлемнің алтыншы ракеткасы Петра Квитова Wimbledon-2014 жеңімпазы атанды. 24 жастағы чехиялық спортшы финалда әлемдік рейтингте 13 орында тұрған канадалық Эжени Бушардан 6/3, 6/0 есебімен басым түсті.

Петра Квитова алты рет брейк-пойнт жасады. Ал таза ұпайының саны – 28. Сонымен қатар, төрт рет эйс жасап, ұпай алды. Матч небәрі 55 минутқа созылды. Жеке кездесуде чех қызы 2:0 есебімен алға шықты.

Бұл - Петра Квитованың Wimbledon турниріндегі екінші жеңісі. Сонымен қатар, спортшы 1 760 000 еуро мен WTA рейтингінде 2000 ұпайға ие болады.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық теннисшілердің ішінен Зарина Диас пен Ярослава Шведова жоғары нәтиже көрсетті. Екеуі де Wimbledon-2014 турнирінің төртінші айналымына дейін жетті.

Хабарламаларға жазылу