Wimbledon -2014. Зарина Диас алғашқы айналымнан сүрінбей өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Wimbledon -2014. Зарина Диас алғашқы айналымнан сүрінбей өтті

26.06.2014
Wimbledon -2014. Зарина Диас алғашқы айналымнан сүрінбей өтті
Қазақстандық теннисші Зарина Диас  Лондонда басталған Wimbledon – 2014 турнирінің алғашқы айналымынан сүрінбей өтті.
 
20 жастағы Зарина Диас алғашқы айналымда 21 жастағы Франция өкілі Кристина Младеновичпен кездесіп, 6/4, 7/6 (4) есебімен жеңіске жетті.
 
Зарина Диастың келесі кезеңдегі қарсыласы - Карла Суарес-Наварро. Испаниялық теннисші алғашқы айналымда Қытай қызы Чжан Шуайды 6/1, 6/2 есебімен ұтты.

Хабарламаларға жазылу