Wimbledon-2014. Андрей Голубевтің қарсыласы – Новак Джокович - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Wimbledon-2014. Андрей Голубевтің қарсыласы – Новак Джокович

23.06.2014
Wimbledon-2014. Андрей Голубевтің қарсыласы – Новак Джокович
Бүгін Лондонда теннистен атақты Wimbledon-2014 турнирі басталады. Бұл бәсекенің негізгі кезеңінде ел намысын Андрей Голубев, Михаил Кукушкин, Александр Недовесов, Ярослава Шведова және Зарина Диас қорғайды. Қазақстандық теннисшілердің алғашқы айналымдағы қарсыластары белгілі.
 
Алғашқы айналымда Андрей Голубев әлемнің бірінші ракеткасы, сербиялық теннисші Новак Джоковичпен кездеседі. Михаил Кукушкиннің қарсыласы – Израиль спортшысы Дуда Села. Ал Александр Недовесов екінші кезеңге өтуі үшін Тайвань теннисшісі Лу-Ень Хсуньді жеңуі тиіс.
 
Қыздар бәсекесінде Зарина Диастың алғашқы қарсыласы Франция өкілі Кристина Младенович болды. Еліміздің бірінші ракеткасы Ярослава Шведова чех қызы Кристина Плишкова мачтымен Wimbledon-2014 турнирін бастайды.

Хабарламаларға жазылу