BNP Paribas Open: Зарина Диас әлемнің бірінші ракеткасы Серена Уильямсқа қарсы кортка шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

BNP Paribas Open: Зарина Диас әлемнің бірінші ракеткасы Серена Уильямсқа қарсы кортка шығады

14.03.2015
BNP Paribas Open: Зарина Диас әлемнің бірінші ракеткасы Серена Уильямсқа қарсы кортка шығады

Теннистен Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Диас АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан  BNP Paribas Open турнирінің үшінші айналымына шықты. 

Екінші айналымында хорватиялық Донна Векичті 6:3, 6:3 есбеімен ұтты. Қос теннисші жыл басында Қытайда өткен турнирде кездесіп, екі сетте Зарина Диас басым түскен.

Зарина үшінші айналымда әлемнің және турнирдің бірінші ракеткасы, америкалық Серена Уильямспен шеберлік байқасады. Серена бүгін румыниялық Моника Никулескуді 7:5, 7:5 есебімен ұтты.

Ал, осы турнирге қатысып жатқан тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева бірінші айналымда чехиялық Тереза Шмиткованы екі сетте 6:4, 6:4 есебімен жеңіп, екінші айналымға өтті. Юлия екінші айналымда сербиялық әлемнің алтыншы ракеткасы Анна Ивановичпен кездеседі.

Хабарламаларға жазылу