Францияда Қазақстанның кино апталығы өтеді

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Франция Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Франсис Етьенмен кездесті. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында екі ел арасындағы достық сипаттағы мәдениет және өнер саласындағы ынтымақтастықтың өзара қарым-қатынасын жоғары бағалады.
Қазіргі уақытта екі елдің ұжымдары Қазақстан мен Францияда өткізіліп жатқан, мысалға айтсақ, тоғыспалы мәдениет күндері секілді әртүрлі мәдени іс-шараларға белсенді қатысуда.
Министрліктің мәліметіне қарағанда, 2014 жылы Қазақстанның Франциядағы тоғыспалы мәдениет күндері өтуі жоспарланып отыр. Іс-шара аясында «Astana Ballet» хореографиялық, Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры, «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрларының ұжымдары ауқымды қойылымдарды ұсынуды жоспарлап отыр, сондай-ақ, Қазақстанның кино аптасы, Париж және Ниццадағы Астана қаласының мәдениет күндері өтеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы Солтүстік Македониямен тең түсті
14.10.2025, 10:29

Жас механизатор: Биыл күзгі науқанды аяқтап, мол өнім алдық
14.10.2025, 10:27
Ақмолалық диқандар рекорд жаңартты
14.10.2025, 10:22
Өзбекстанда жасанды интеллект көмегімен жол апаты азаяды
14.10.2025, 10:19
Қырғызстан өлім жазасын қайта енгізуі мүмкін
14.10.2025, 10:17
Мексикада су тасқынынан ондаған адам қаза тапты
14.10.2025, 10:15
Газадағы соғыстың аяқталғаны жөніндегі келісімге қол қойылды
14.10.2025, 10:14
Нидерланд кәсіпкерлері Қазақстанға инвестиция құюға ниетті
14.10.2025, 09:57