Атырауда 4 мыңдай адам қазақы киініп шықты
Атырауда «Ұлттық киім» күніне орай 4 мыңға тарта тұрғын қазақи киімдерін киіп шеруге шықты. Әріптесім Нұрсұлтан Нұрсейіт алаңнан тікелей эфирге шығуға әзір. Нұрсұлтан, тұрғынардың мерекелік көңіл-күйі қалай?
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Мерекеде тұрғындар бір-бірімен көрісіп, қол алысып мәз-мейрам. Тағылымды шарада ұлттық рух асқақтап, дәстүр дәріптелуде. Қала орталығындағы Сұлтан Бейбарыс алаңынан бастау алған шеру Исатай-Махамбет алаңына дейін жалғасады. Алдыңғы саптағы батырлар көк туды желбіретіп, көштің рухын көтеріп келеді. Этно-мәдени бірлестіктердің және 70-ке тарта мекеме өкілдері шараға белсене қатысып, ұлттық киімдерін киіп шыққан. Жалпы мұндай шеру Атырауда жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Ұйымдастырушылар наурыздың онкүндігін жоғары деңгейде тойлатып жатыр. Қазір менің жанымда қала әкімінің орынбасары Ердос Әбдісаттаров келе жатыр. Ердос мырза, мереке құтты болсын. Айтыңызшы, жалпы бұл шерудің мәні неде?
Ердос Әбдісаттаров, Атырау қаласы әкімінің орынбасары:
Сұқбатыңыз үшін рақмет. Міне қазір шеру Исатай-Махамбет алаңына да жақындап қалды. Әрі қарай эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт өтеді.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04