Жаңа Конституция: 1 шілдеден бастап не өзгереді?
1 шілдеден бастап Қазақстан жаңа саяси кезеңге қадам басады. Қолданыстағы Конституция күшін жойып, жаңа Ата Заң күшіне енеді. Өзгерістерге тоқталсақ, 1 шілдеде қос палаталы Парламент таратылады. Сайлау өтіп, бір палаталы жаңа заң шығарушы орган – Құрылтай құрылады. Құрылтай құрамына 145 депутат енеді. Олар пропорционалды жүйемен сайланады. Жаңа жүйеде алғаш рет вице-президент лауазымы болады. Қазақстан Халық кеңесі құрылады. Оның құрамына 126 адам кіреді. Бұл орган заң жобаларын ұсына алады, бастамалар көтереді және ұлттық бірлік мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлейді. Сонымен қатар адвокатура мен омбудсмен институттарының мәртебесі күшейтілді. Бұл құқық қорғау жүйесінің институционалдық негізін нығайтуға бағытталған. Қамауға алынған адамға оның құқықтары міндетті түрде түсіндіріледі, сот санкциясынсыз қамау мерзімі шектеледі. Ал әлеуметтік салада: орта білім тегін болып қалады, медициналық көмек те тегін болады. Сондай-ақ Конституцияда алғаш рет неке ұғымы нақтыланып, ер мен әйелдің тең құқықты одағы ретінде белгіленді. Сондай-ақ тұңғыш рет цифрлық кеңістікте азаматтардың жеке деректерін қорғау нормасы енгізілді. Бұл мессенджерлер мен электронды коммуникация арқылы берілетін ақпаратқа да қатысты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы