Наурызнама: Отан отбасынан басталады
Қостанайда Наурыз мейрамы қарсаңында «Отан отбасынан басталады» атты форум өтті. Мерекелік шараға жиналған жұртшылық «Ұлттық киім» күні мен Ата заңның қабылдануын қатар думандата тойлады.
Қаладағы білім және мәдениет ұйымдары киіз үй тігіп, ақ дастарқан жайды, келген қонаққа дәм ұсынды. Сондай-ақ форум барысында спикерлер Конституциядағы балалар құқығы, отбасы институты мен ұлттық құндылықтардың қоғамдағы маңызына ерекше тоқталды. Олар отбасының беріктігі – мемлекеттің іргетасы екенін атап өтті. Бұл алаңда ұлттық ойын мен озық технология да үйлесім тапты. Оқушылар өздері бағдарламалаған роботтарға арқан тарттырып, аударыспақ ойнатты.
Нағашыбай Алпысов, жыршы-термеші:
Бұл бүкіл түркі халқының төл мерекесі. Көктемдей гүлдеп, жаздай жадырап тойлай беріңдер, айналайындар! Мынау, енді, Ата заң қабылданып жатыр. Жастарымызға, елімізге, халқымызға жақсы болсын деп тілейміз!
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21