Басты Жаңалықтар Мектептерде сабақ домбыра шертуден басталды

Мектептерде сабақ домбыра шертуден басталды

Бүгін Шығыс Қазақстан облысындағы оқушылар сабаққа ұлттық киім киіп домбыра ұстап барды. Ал әр білім ошағы сабақты күй шертуден бастады. Оқушылардан құрылаған оркестр халық арасында кең тараған. «Саржайлау», «Серпер», «Сарыарқа» тәріздес күйлерді орындады. Ал жеке оқушылар «Ортеке» күйін шертіп өзара жарысқа түсті. Ұлыстың ұлы күні жасалатын ырым-жоралғы мен әдет-ғұрыптарды көрсетті. Жалпы шығыстағы балабақша мен мектептерде наурызды мерекелу ақпан айының  соңында басталды. 

Шынар Тілегенқызы, мектеп директоры:

76 сыныпта, 76 түрлі іс шара жоспарланған болатын. 27-ақпанда біздің киіз үйіміз құрылды. Білім ордасында. Бұл жерде әсіресе,тарих сабақтары бастауыш сыныптарының сабақтары география сабақтарында осы киіз үйде жоспарланып өткізілді.

Ал Павлодарда Әз Наурызды тойлаған мектеп оқушылары мен ұстаздар, тіпті ата-аналары да ұлттық киімді ұлықтап салт-дәстүрін паш етті. Шапық Шөкин атындағы білім ошағы облыс орталығындағы ең үлкен мектеп. 3 мыңға жуық оқушы бар. Мектеп ішінде ұлттық болмысты ұрпақ жадына сіңіріп, халқымыздың мәдениеті мен тарихын дәріптеген 96 сахналық ауыл құрылды. Оқушылар қазқа, орыс, ағылшын тілдерінде ұлттың сәні болған ұлттық киімді насихаттап, ұрпақтар арасындағы сабақтастықты нығайтуға үлес қосты.

Ернар Балтабай, Ш.Шөкіин атындағы гимназия мектептің аға тәлімгері:
Ол мереке емес, ол баланың, әр оқушының жан дүниесіндегі ұлттық құндылықты адалдықпен, азаматтық қасиет арқылы дәріптеу үшін арнайы жасалып, ұйымдастырылып отыр осындай іс-шара.


Бөлісу