Сан-Паулуда ереуіл тоқтамай тұр
|
Бразилияның Сан-Паулу қаласында полиция метро қызметкерлерінің ереуілін қолдап демонстрацияға шыққандарды тарату үшін көзден жас ағызатын газ шашты. Метро қызметкерлерінің ереуілінен қалада футболдан әлем чемпионатының басталуына үш күн қалғанда транспорт қозғалысы тоқтап қалған еді-деп хабарлайды «Азаттық».
Демонстранттар метрополитеннің негізгі станциясы орналасқан ауданда полициямен қақтығысып, сосын қала орталығына қарай бет алған. Ереуілдер басталғанына бес күн болған. Оны ұйымдастырушылар үкімет жалақыны өсіру туралы жұмысшылар талабын орындамайынша, ереуіл жалғаса беретінін ескерткен. Метро - 12 маусым күні футболдан әлем чемпионатының ашылу шаралары және Бразилия менХорватия арасындағы алғашқы матч өтетін «Арена Коринтианс» стадионына апаратын басты транспорт құралы. |
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Қаллеки» театры үздіктерді анықтады
27.03.2026, 20:59
«Алтайым - алтын бесігім» республикалық ақындар айтысы өтті
27.03.2026, 20:57
Кәсіпкерлерге арналған қызметтер бір жүйеге жинақталады
27.03.2026, 20:54
Цифрландыру дәуірі: Инновация мен стартаптар форумы
27.03.2026, 20:53
Digital Qazaqstan – цифрлық трансформация алаңы
27.03.2026, 20:22
272 елді мекенде су тасқыны қаупі бар
27.03.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
27.03.2026, 20:17
3 мыңнан астам ІТ маманды біріктірген хакатон бастау алды
27.03.2026, 20:14