Алматыда Әдебиет және өнер саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті
|
Алматыда Әдебиет және өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Әділбек Жақсыбеков қатысты.
«Отандық мәдениет жан-жақты дамып келе жатыр. Елбасы бұл салаға әрқашан қолдау көрсетуде. Әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлық осыған дәлел. Биыл комиссия қарауына көптеген туынды түсті. Конкурсқа қатысушылар елге танымал адамдар. Бірақ, мемлекеттік сыйлық үш аталымда беріледі. Сондықтан, комиссия үздік еңбекті таңдауы қажет. Таңдау барысында тәуелсіздікті және ел дамуын насихаттайтын еңбектерге назар аударылуы керек. Бұл - бәрімізге үлкен жауапкершілік. Отырыста шығармаларды жан-жақты талқылап, әділ бағасын берейік», - деді ҚР Мемлекеттік хатшысы Әділбек Жақсыбеков.
Отырыс барысында комиссия мүшелеріне 2014 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығын алу үшін ұсынылған жұмыстар, олардың тіркелуі, қаралуы және алғашқы сараптамадан өтуі туралы ақпарат берілді.
|
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындарының жеңімпаздары елге оралды
05.10.2026, 10:10
Ұлттық құрама Азия ойындарында 84 медаль жеңіп алды
05.10.2026, 10:05
Шығыста күн райы күрт бұзылды
05.10.2026, 10:03
Елімізде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
05.10.2026, 10:03
Astana AI Film Festival байқауының жеңімпаздары анықталды
05.10.2026, 10:02
AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумы қорытындыланды
05.10.2026, 10:01
Қазақстанға Оман Сұлтаны мемлекеттік сапармен келеді
05.10.2026, 10:00
XX жазғы Азия ойындары: Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 8-орынға тұрақтады
04.10.2026, 20:03