Қазақстанда мамыр айында инфляция 0,6 пайызды құрады
2014 жылғы мамырда Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,6% құрады. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігі хабарлады.
Баға азық-түлік тауарларына өткен айда 0,8%, азық-түлік емес тауарларына - 0,6%, ақылы қызметтерге - 0,3%-ға өсті.
Өткен айда республика бойынша орташа баға өсімі картопқа 14%, жаңа жиналған көкөністерге - 2,2%, сүзбеге - 1,8%, ірімшікке - 1,5%, шұжық, ет өнімдеріне - 1,4%-ға, тұзға, алкогольсіз сусындарға - 1,3%, күрішке, құмшекерге - 1,2%, жаңа жиналған жемістерге, сұлы жармасына - 1,1%-дан, ұнға - 1%-ға, сары майға - 0,9%, нанға, макарон өнімдеріне - 0,8%-дан, балық және теңіз өнімдеріне - 0,7%, қышқыл сүт өнімдеріне - 0,6%-ға белгіленді.
Бағаның төмендеуі жұмыртқаға 10,1%, шикі сүтке - 3,2%, арпа жармаға - 0,5%, күнбағыс майына - 0,4%-ға тіркелді.
«Баға фармацевтикалық өнімдерге 1,4%, киім және аяқ киімге - 0,6%-ға, жуғыш және тазалағыш құралдарға, жеке пайдалануға арналған тауарларға - 0,5%, жиһаздар және үйге қажетті заттарға, тұрғын жайларды жөндеуге арналған материалдарға - 0,4%-дан өсті. Дизель отыны 12,1%-ға қымбаттады», - делінген агенттік мәліметінде.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
8 жастағы Райан 84 кітап оқып үлгерген
19.05.2026, 20:58
9 мың бала «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып жарысты
19.05.2026, 20:56
Университет айналасына 500 түп ағаш егілді
19.05.2026, 20:55
Жарты ғасыр жөндеусіз жатқан жол пайдалануға берілді
19.05.2026, 20:12
Алғашқы әуе таксиі таныстырылды
19.05.2026, 20:10
Қазақстан авиациясы дамудың жаңа кезеңіне өтті
19.05.2026, 20:08
Президенттің шақыруымен Кения Республикасының Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
19.05.2026, 20:06
«Алтын Орда - Ұлық ұлыс» деректі фильмі эфирге шығады
19.05.2026, 20:06