Қарағанды облысындағы балалар үйінің түлектеріне 50 білім гранты бөлінеді
|
Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев балалар үйінің тәлімгерлерімен кездесу өткізді. Кездесуге 9 және 11 сынып түлектері, 2013 жылғы облыс әкімі гранттарының иегерлері шақырылды. Сонымен қатар облыстық басқарма жетекшілері, балалар үйлерінің диреторлары, ЖОО ректорлары қатысты. Балалар үйінің 7-10 сынып оқушылары да онлайн режимде байланысқа шықты.
Б.Әбдішев өңірдегі балалар үйінің түлектеріне ЖОО мен колледждерде оқуға облыс әкімінің 50 гранты тағайындау мәселесі каралып жатқанын атап өтті. Аталмыш грант өткен жылы алғаш рет тағайындалған. Облыста Жастар бастамасы орталығының маңынан балалар үйі түлектерінің бейімделу қызметі ашылған. 2011-2013 жылдары балалар үйінің 325 түлегі баспанамен қамтылды. 2016 жылға дейін тағы 510 пәтер беру көзделген. Кездесуге қатысушылардың барлығына облыс әкімі планшет сыйға тартты. |
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53