Сауд Арабиясында әйелдер үшін жаңа жұмыс кестесі бекітілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сауд Арабиясында әйелдер үшін жаңа жұмыс кестесі бекітілді

30.05.2014
Сауд Арабиясында әйелдер үшін жаңа жұмыс кестесі бекітілді
Сауд Арабиясында әйелдерге түнгі сағат 23:00-ден күндізгі 09:00-ге дейін жұмыс істеуге тыйым салынады. Яғни, түнгі уақытта жұмыс істеуге рұқсат жоқ.
 
Билік өкілдерінің пікірінше, бұл тыйым әйелдерді қауіптен сақтандырады. Ал елдің еңбек министрлігі жұмыс берушілерді әйелдерді еңбекпен қамтуда белсенді болуға шақырып отыр. Әсіресе, әйелдерге арналған дүкендерге, әсемдік салондарына, әйелдердің спорт клубтарына тек қана қыз-келіншектерді жұмысқа алуға шақырып отыр.
 
Басылымдар бұған дейін елде әлеуметтік сауалнама жүргізілгенін хабарлайды. Респонденттердің көбі әйелдерді дипломатиялық ведомстволар мен жеке компанияларда жетекші лауазымдарға тағайындауды қолдайтынын білдірген. Сауд Арабиясы тұрғындары әйел министрлерді көргісі келетінін де айтқан.
 
Әзірше бұл елде әйелдер қол жеткізген ең жоғарғы лауазым білім министрлігінің орынбасарлығы. Сонымен бірге, Заң жөніндегі консультативтік кеңесте 30 әйел депутаттық мандат алған, деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz.

Хабарламаларға жазылу