Сауд Арабиясында қылмыс жасағандар жазасын елімізде өтей алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сауд Арабиясында қылмыс жасағандар жазасын елімізде өтей алады

27.09.2017

Сауд Арабиясы Корольдігі мен еліміздің арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы құжат бүгін Мәжілісте қаралып, мақұлданды. Бұл Заң жобасы Қазақстанда не Сауд Арабиясында сотталған азаматтардың жазасын өз отанында өтеуіне мүмкіндік бермек. Яғни, егер отандасымыз Сауд Арабиясында қылмыс жасайтын болса, онда ол бас бостандығынан айыру жазасына кесілетіні белгілі. Ол бұл жазасын белгілі бір келісім аясында елімізде өтей алады. Дәл солай, Сауд Арабиясының азаматы Қазақстанда сотталатын болса, ол да жазасын өз елінде өтеуге мүмкіндік алады.

Айта кетейік, сотталушыны беруші елдің егемендігіне, қауіпсіздігіне және сол елдің заңдарына қайшы келетін жайттар болса, онда сотталушы туған еліне жазасын өтеу үшін қайтарылмайды.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу