Сауд Арабиясында әйелдер көлік тізгінін ұстады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сауд Арабиясында әйелдер көлік тізгінін ұстады

25.06.2018

Сауд Арабиясында ондаған жылдарға созылған заң күшін жойды. Корольдікте жексенбіден бастап әйелдер алғаш рет көлік жүргізе бастады. Тарихи сәтті күллі ел аумағында қыз-келіншектер тойлап жатыр.

Бұл қадам Саудия әйелдерінің еркіндігін кеңейтумен бірге, көптеген бизнестің дамуына жол ашпақ. Елде отандық көлік нарығы 6-10 пайызға өседі деген болжам бар. Бұған қоса, нәзік жандылардың жол ережелерін бұзбауын бақылайтын арнайы әйел инспекторлар дайындықтан өтіп жатыр. Олар әйелдердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының мән-жайын анықтауға қатысады.

Сонымен қатар, жуырда корольдікте жол ережесін сақтамаған әйелдерді қамау орталықтары ашылмақ.  

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу