Сауд Арабиясында әйелдер алғаш рет футбол матчын тамашалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сауд Арабиясында әйелдер алғаш рет футбол матчын тамашалады

16.01.2018

Сауд Арабиясында әйелдер алғаш рет футбол матчын тамашалау үшін стадионға барды.  Олардың кейбіреуі ойынды көріп қана қоймай, ұйымдастыру жұмыстарына да қатысқан.

Матч «Әл-Ахли» және «Әл-Батин» командаларының арасында өтті. Жергілікті билік қыз-келіншектерге мұндай мүмкіндікті өз құқығын қорғау үшін белсенділік танытқан әйелдердің арқасында беріп отыр.

Стадионға келген нәзік жанды жанкүйер қыз-келіншектердің сөзінше, олар осы матчты көптен күткен. Ойын 5:0 нәтижесімен немесе «Әл-Ахлидің» жеңісімен аяқталды. Дегенмен, әйелдер үйленбеген ер-азаматтардан алыс, арнайы қоршалған орындарда отырды. Ал, Алькашкари есімді бойжеткен «Твиттерге» стадионда түскен суретін жүктеп, 18 мың лайк жинаған екен.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу