Бүгін Сауд Арабиясында демалыс күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Сауд Арабиясында демалыс күні

23.11.2022

Иә, бұл Сауд Арабиясы соққан шешуші гол. Осылайша әлем чемпионатындағы алғашқы сенсация тіркелді. Ал Аргентинаны жеңу құрметіне Сауд Арабиясында бүгін сәрсенбі - демалыс күні деп жарияланды. Сауд Арабиясының королі - Сальман бен Әбдел Азиз Әл Сауд Қатарда футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатында ұлттық құраманың алғашқы жеңісін атап өтуі үшін демалыс жариялау туралы шешім қабылдаған. С тобындағы корольдік командасы алғашқы матчында Месси бастаған Аргентинаны күтпеген жерден 2:1 есебімен ұтты. Сондай-ақ, Аргентинаны жеңгені үшін Сауд Арабиясының әр ойыншысы екі жарым миллион евродан алды деп жазды Спортс.ру сайты. Ал, осы топтаға Мексика мен Польша құрамалары 0:0 есебімен тең тарқасты. Осылайша, Сауд Арабиясы өз тобында үш ұпаймен көш бастады. 

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу