Биыл Астанада «Достық аллеясы» ашылады. - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл Астанада «Достық аллеясы» ашылады.

24.05.2014
Биыл Астанада «Достық аллеясы» ашылады.
Биыл Астанада «Достық аллеясы» ашылады. Қазақстан халқы Ассамблеясы, Ардагерлеркеңесі, қалалық жастар және басқа да қоғамдық ұйымдардың бастамасымен, Есіл өзенінің бойындағы елордалық бақтан Шәмші Қалдаяқов көшесіне дейін көшет отырғызу акциясы өтеді, деп хабарлайды astana.kz.
 
«Барлық халықта ағаш  - саулықтың, гүлденудің және махаббаттың белгісі. Біз өз сезімімізді ағаш отырғызу арқылы білдірмекпіз. Оның үстіне, бұл шараның экологиялық маңызы да бар. Яғни, қаланы көгалдандырамыз. Меніңше, бұл үлкен тарихи мәнге ие», - дейді Астана қаласы Қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы Шавкат Исмаилов.
 
Ұйымдастырушылардың пайымдауынша, аталған акция елорданың дамуына қоғам назарын аударып, қала тұрғындарын бірлікке шақырады. Шараға Астананың барлық тұрғыны қатыса алады.
 

Хабарламаларға жазылу